Ахметканова Айнур Елемесовна » Теректі орта мектебі
Жетісу обьлысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Теректі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ахметканова Айнур Елемесовна
14
март
2023

Ахметканова Айнур Елемесовна

Ахметканова Айнур Елемесовна 1980 жылы 13 маусымда Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылында (бұрынғы Талдықорған облысы Андреев ауданы Андреевка селосы) дүниеге келген. Алматы облысы Алакөл ауданы №2Қабанбай орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері. Аталған мектепті 1997 жылы аяқтаған соң, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қолданбалы математика және информатика» факультетіне оқуға түсіп, оны 2001 жылы аяқтады.2001 жылдан бастап Алматы облысы Алакөл ауданы Теректі орта мектебінде математика пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастады. Аталған білім беру ұйымында 2007-2012 жылдар аралығында директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарса, 2012-2018 жылдар аралығында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.2018 жылдан бастап Алматы облысы Алакөл ауданы «Сапақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.

Еңбек өтілі 20 жыл, біліктілік санаты – педагог-зерттеуші. Тұрмыста. Жанұясында үш қыз бала тәрбиелеуде.

Марапаттары:
- 2018 жылы Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Мадақтамасы берілді;
- 2019 жылы Алматы облысының білім басқармасының жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған табысты еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды;
- 2019 жылы Білім беру жүйесіндегі адал еңбегі, оқыту мен тәрбие беру ісіндегі жетістіктері үшін аудандық кәсіподағының Құрмет грамотасы;
- 2020 жылы Жас ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беру ісіне, «Өзін-өзі тану» бағдарламасын дамытуға қосқан үлесі үшін «Бөбек» қорының президенті С.А.Назарбаеваның Алғысы берілді;
- 2020 жылы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасының нәтижелері: тәжірибе мен дамыту мүмкіндіктері» тақырыбындағы Республикалық семинарда іс – тәжірибесімен бөлісті;
- 2020 жылы Алғашқы Қазақстандық ата-аналар оқуларында шебер сынып көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті;
-2021 жылы «Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық әдістемелік кабинеті» МКҚК Алакөл аудандық білім бөлімінің «Оқу үдерісін ұйымдастыру: жүйесі, формалары, әдістері» жинағына «Отбасы – тәрбиенің қайнар бұлағы» тақырыбында мақаласы жарияланды;
- 2020 жылы Диплом аудандық «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасы аясында мектеп басшыларының белсенді топ-шебер сынып алаңында 1-орын;
- 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Алматы облысының білім басқармасының жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған табысты еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
- 2021 жылы «Мейірім – әлемге махаббатпен» медалі берілді.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Теректі ауылы көшесі, үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Теректы
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Теректі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru